Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,847% құрады.

Ресми сайттар

ШҚО ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Серебрянск қалалық ауруханасының әріптестері үшін семинар өткізді.

Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығының эпидемиологы Татьяна Башкирцева Алтай ауданы Серебрянск қаласының қалалық ауруханасының қызметкерлеріне оқыту семинарын өткізді. Семинар АИТВ-ның алдын алу, стигма және кемсітушілікке арналды.

Аурухананың дәрігерлері мен медицина қызметкерлеріне облыстағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы айтып, ересектер мен балаларды клиникалық-эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша міндетті АИТВ-ға тестілеу туралы ақпарат берілді. Татьяна Башкирцева әріптестерін қан тапсыру кезінде медициналық ұйымдардың қызметкерлерінің жіберетін негізгі қателеріне тоқталып, ИФТ үшін қан үлгілерін кодтау ережелерімен және АИТВ-ға қан жинау және оны ШҚО ЖИТС орталығының зертханасына жеткізу ережелерімен таныстырды. Сондай-ақ инфекцияның алдын алу түрлері ретінде қатынасқа дейінгі және кейінгі терапияны талқыладық. Медицина қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясына жедел тестілеу қалай жүргізілетіні көрсетілді.