Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,847% құрады.

Ресми сайттар

ШҚО эпидемиологтарымен бірлескен ZOOM жүйесіндегі семинар өтті

     ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығының мамандары облыстағы аудандық ауруханалардың эпидемиологтары мен бас медбикелерінің қатысуымен семинар өткізді. АИТВ бойынша семинарға барлығы 26 медицина қызметкері қатысты. Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығының дәрігер-эпидемиологы Татьяна Башкирцева жиналғандарды облыстағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайымен таныстырып, медицина қызметкерлері арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу шаралары туралы баяндап, төтенше жағдайларды талқылады. Халықты клиникалық-эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша скринингтік тексеруге, жүкті әйелдерді және олардың жыныстық серіктестерін АИТВ-ға уақтылы скринингтік тексеруге, қан мен оның компоненттерін құйған реципиенттерді скринингтік тексеруге қойылатын негізгі талаптар қамтылды. Сондай-ақ стигма мен кемсітушілік туралы болды. Диагностикалық зертхана меңгерушісі Ольга Корякина қан жинау және зертханаға үлгілерді жеткізу ережелері туралы айтты.