Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,815% құрады.

Ресми сайттар

Сенім пункттерінің медицина қызметкерлерімен семинар

16 ақпанда ВКОЦАЙДС дәрігер-эпидемиолог Л.В.Козлова 2021 жылдың қорытындысы бойынша облыстық сенім пункттерінің медицина қызметкерлерімен семинар өтті. Семинарда атқарылған жұмыстар, сондай-ақ жұмыстағы қалған кемшіліктер талқыланып, 2022 жылға арналған жоспарлар белгіленді. 2021 жылдың 12 айында облыста 10 сенім пункті жұмысын жалғастырды: 8 стационарлық және 2 жылжымалы. 33 аутрич-қызметкер негізгі тұрғындар арасында алдын алу бағдарламаларын жүргізуге көмек көрсетті. Жұмыспен 5663 нашақор немесе болжамды санның 57%-ы қамтылды, 942233 шприц, 306326 мүшеқап, 4321 дана АБМ таратылды. Инъекциялық есірткі қолданатын 3729 адам АИТВ/ЖИТС-ке тексеріліп, СП келгендер арасында психоәлеуметтік кеңеспен қамтылды.                                                                                   

            Профилактикалық жұмыстармен 920 секс-қызметкер немесе болжамды санның 92%-ы қамтылды, оларға 203 634 мүшеқап және 1 017 дана АБМ дана таратылды. Жыныстық қызмет көрсететін 789 қыз тексерілді. 2021 жылы ерлермен жыныстық қатынасқа түскен 1222 ер адам немесе болжамды санның 25% профилактикалық жұмыстармен қамтылды, оларға 114 049 мүшеқап және 7 275 АБМ данасы таратылды. АИТВ инфекциясына 1182 адам тексерілді.

       2022 жылы нашақорлардың кем дегенде 60%-ын, жыныстық қызмет көрсететін қыздардың 80%-ын және ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлердің 20%-ын профилактикалық бағдарламалармен қамту қажет. АИТВ-инфекциясына тұрғындардың негізгі топтарын жедел тестілеуге ерекше назар аудару керек.