Шара БҰҰ шешімімен 2014 жылдан бері 1 наурызда бүкіл әлемде атап өтілетін Кемсітушілікке қарсы күрес күніне арналған.
Адам құқықтарының бұзылуына қарсы күрес науқанын қолдауға жекелеген мемлекеттердің үкіметтері, кейбір елдердің бизнес өкілдері де қосылуда. Бүкіл әлемде концерттер, фотокөрмелер, фильмдер көрсетілімдері, семинарлар өткізілуде, олардың тақырыптары АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуді қоса алғанда, кемсітушілік проблемаларына байланысты.
Ашық есік күні Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығында, 1 наурыз яғни жұма күні сағат 8.00-ден 12.00-ге дейін өтеді.
Әрбір адам орталықтың мамандарынан АИТВ мәселелері бойынша кеңес алып, адамның иммун тапшылығы вирусына тегін тестілеуден өте алады. Байланыс мекенжайы: Өскемен қ., Буров көш, 21/1.
Консультацияны мына телефон арқылы алуға болады: 26-32-17 немесе Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., Буров көш, 21/1, ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы.