Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,815% құрады.

Ресми сайттар

Алтай қаласының медицина мамандарына арналған семинар

2022 жылдың 8-9 ақпанында ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Т.М. Башкирцева «Алтай ауданының ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК медицина қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясының алдын алу, эпидемиологиялық және клиникалық деректері бойынша адамдарда АИТВ-инфекциясының болуына құпия медициналық тексеру жүргізу ережелері, соның ішінде жүкті әйелдерді тексеру, жаңа құқықтық құжаттармен таныстыру жөнінде семинар өткізілді.

Семинар барысында медициналық ұйымдарда туындаған төтенше жағдайларға ситуациялық тапсырмалар әзірленіп, АИТВ инфекциясына қан алу ережелері оқытылды.

2021 жылдың қорытындысы бойынша жүкті әйелдерге жүргізілген мониторинг нәтижелері, реципиенттерді уақытылы тексеру жөнінде айтылды.

Алтайда өткен медицина мамандарына арналған семинар

 

Превью
Алтайда өткен медицина мамандарына арналған семинар