Адам ағзасында АИТВ-инфекциясының бар-жоғын білудің бір ғана жолы бар: АИТВ-ға тест тапсыру. Денеде АИТВ-инфекциясының болуын адамның сыртқы түріне немесе әл-ауқатына қарай анықтау мүмкін емес. Егер сіз жұқтырғаныңызға күмәндансаңыз, барлық күмәнді тексеруден өту арқылы ғана жоюға болады.
АИТВ-инфекциясының диагностикасы келесі әдістердің көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін:
- экспресс-тесттер;
-ферменттік иммундық талдау;
- ПТР талдауы.
АИТВ тестінің нәтижелері теріс немесе оң болғанына қарамастан, құпия болып табылады.