Облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Гүлнар Нұрпейісова мен «Answer» қоғамдық қорының қызметкерлері Өскемен медициналық колледжінде Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай онкүндік өткізді. Кездесуде балаларға АИТВ-инфекциясының таралу жолдары, алдын алу шаралары және экспресс-диагностика әдістері (экспресс-тестілеу) туралы айтылды. Тілек білдіргендер экспресс-диагностикадан өтті.
2025 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша 15-49 жас аралығындағы азаматтар арысында АИТВ-инфекциясының таралуы 0,97% құрады.