23 қарашада Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған баспасөз конференция өтті.
Бас дәрігер Марина Жеголко, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Игорь Крук, ЕАККжәнеД бөлімінің дәрігер инфекционисі Елена Ястребова мен эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі Сәуле Кеңиспекова облыстық «Мой город», «Казахстанская правда», «Устинка» газеттері, «Алтай» телеарнасы және yk-news сайты журналистеріне сұхбат берді.
Екі сағатқа жуық уақыт бойы мамандар журналистердің сұрақтарына жауап берді.