Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығының мамандары Наталья Селезнева мен Динара Сәлімбаева Өскемен көпсалалы техникалық колледжінің студенттері арасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай науқан (акция) өткізді.
АИТВ-инфекциясымен кездеспеу үшін өзіңізді қалай ұстау керек, сіздің сау немесе ауру екеніңізді қалай анықтауға болады? Балалар осы және басқа да сұрақтарға жауап алды.
Қызығушылық танытқандар экспресс-тесттер арқылы өздерінің АИТВ статусын тексерді.