Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,847% құрады.

Ресми сайттар

Талқылау алаңы

19 қыркүйекте ЖИТС орталығының емдеу-алдын алу және диспансерлеу  бөлімінің меңгерушісі Наталья Оралбаева Глубокое ауданының аудандық ауруханасының медицина қызметкерлерімен «Answer» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген «АИТВ -мен өмір сүретін адамдарды стигма және кемсіту» сондай-ақ туберкулез және В, С гепатиті»  тақырыбындағы пікірталас алаңына қатысты. Талқылау барысында профилактикаға, емдеуге, күтімге және қолдауға қол жеткізуге кедергі келтіретін мәселелер, атап айтқанда, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға және АИТВ-инфекциясына және басқа да әлеуметтік маңызды ауруларға  халықтың осал топтарына қатысты стигма мен кемсітушілік проблемасы белсенді түрде талқыланды. Сондай-ақ дәрігер облыстағы және Глубокое ауданындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай, халықты эпидемиологиялық және клиникалық көрсеткіштер бойынша тексеру ережелері туралы айтты.