ҚР Қорғаныс министрлігінің Өскемен гарнизоны әскери полиция бөлімі профилактика бөлімінің маманымен бірлесіп, әскери қызметкерлерге ақпараттық дәріс өткізді.
Кездесу барысында АИТВ-ның жұғу жолдары, одан қорғану тәсілдері және дер кезінде тест тапсырудың маңызы түсіндірілді. Мамандар әскери қызметкерлерге экспресс-тесттердің қалай қолданылатынын көрсетіп, түсіндірме берді.
Қатысушыларға алдын алу жөніндегі негізгі ақпаратты қамтитын тарату материалдары ұсынылды. Іс-шараның мақсаты – жеке құрамның хабардарлығын арттырып, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін нығайту.


