10 қыркүйек күні Өскемен қаласының аудандарында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы ОЮЛ «Жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығымен» бірлесіп рейд өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – есепте тұрған, бірақ медицина қызметкерлерімен байланысын жоғалтқан адамдарды іздеу болды.
Рейд барысында тұрғындарға ЖИТС-тің алдын алу туралы ақпарат беріліп, тестілеуден өту ұсынылды. Сондай-ақ ашық әңгімелесу арқылы психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетуге, сенімді байланыстарды қалпына келтіруге ерекше көңіл бөлінді.
Мұндай шаралар қаланың тұрғындарымен жұмысты күшейтуге және алдын алу қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.