Форум жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін, құқық қорғау құрылымдарын және азаматтық қоғам белсенділерін біріктірді. Іс-шарада цифрлық дәуірдің өзекті қауіптері: қаржылық пирамидалар, заңсыз ақша айналымы және алаяқтықтың басқа да түрлері талқыланды.
Ұйымдастырушылар алаяқтардың қандай әдіс-тәсілдерді қолданатынын түсіндіріп, олардың қақпанына түсіп қалмаудың жолдарын ұсынды.
Мұндай кездесулер қаржылық сауаттылықты арттырып, жаңа заманның экономикалық қылмыстарымен күресте түрлі сала өкілдерінің ынтымақтастығын нығайтуға септігін тигізеді.