Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,97% құрады.

Ресми сайттар

АИТВ мәселелері бойынша мониторинг пен семинар: ШҚО ЖИТС орталығының мамандары Алтай қаласындағы медициналық мекемелерде болды

Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Алтай қаласындағы көпсалалы ауруханада мониторинг жүргізіп, әдістемелік көмек көрсетті. Іс-шараның негізгі мақсаты — медицина қызметкерлерінің АИТВ инфекциясы бойынша білім деңгейін арттыру.

Сапар барысында стационар мен босану бөлімінің қызметкерлеріне арналған семинар өткізілді. Қатысушыларға өңірдегі АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай, жаңа клиникалық хаттамалар, алдын алу және пациенттерді бағыттау мәселелері түсіндірілді.

Осыған ұқсас семинар мен мониторинг қалалық емханада да өтті. Медициналық мекемелер арасындағы тиімді өзара іс-қимылдың ең тиімді тәсілі — осындай кездесулер, өйткені мамандар сол жерде өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алады, тәжірибе алмасып, күрделі жағдайлар бойынша шешімдер ұсынады.

Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты — АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көрсетілетін көмектің сапасын арттыруға және ерте диагностика бойынша медициналық қызметкерлердің қырағылығын күшейтуге бағытталған әдістемелік қолдау көрсету.