Эпид. жағдай

2025 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша 15-49 жас аралығындағы азаматтар арысында АИТВ-инфекциясының  таралуы 0,97% құрады.

Ресми сайттар

ШҚО-да АИТВ және туберкулез бойынша семинар өтті

Шығыс Қазақстан облысында медицина қызметкерлеріне арналған АИТВ және туберкулездің алдын алу, диагностикасы мен емдеу мәселелері талқыланған семинар өтті.

Семинар барысында ЖИТС орталығының мамандары – дәрігер-эпидемиолог Татьяна Башкирцева мен дәрігер-фтизиатр Алеся Ионина баяндама жасады. Сарапшылар АИТВ және туберкулездің қатар жүру ерекшеліктері, заманауи диагностикалық әдістер және ерте анықтаудың маңыздылығы туралы айтты.

Сонымен қатар, аурулардың алдын алу шаралары және түрлі ұйымдар арасындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды. Осындай іс-шаралар медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттырып, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға ықпал етеді.