Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,847% құрады.

Ресми сайттар

Саратовка ауылында АИТВ-ның алдын алу бойынша дәріс өтті

Саратовка ауылындағы көпсалалы колледжде АИТВ-ның алдын алу тақырыбында танымдық дәріс ұйымдастырылды. Іс-шараны Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының маманы Турарова Юлия өткізді.

Дәрісте АИТВ жұғу жолдары, алдын алу шаралары және ауру туралы жиі кездесетін қате түсініктер талқыланды. Қатысушыларға ақпаратты жеңіл қабылдау үшін арнайы бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, студенттер өздерін мазалаған сұрақтарды қойып, толық жауап алды.

Мұндай шаралар жастардың ақпараттану деңгейін арттырып, денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға және салауатты өмір салтын ұстануға үйретеді. Студенттер дәрістің пайдалы әрі маңызды болғанын атап өтті.