Эпид. жағдай

2025 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша 15-49 жас аралығындағы азаматтар арысында АИТВ-инфекциясының  таралуы 0,97% құрады.

Ресми сайттар

Өскемен ЖЭО-да АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша дәріс өтті

26 қыркүйекте Өскемен ЖЭО аумағында АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелеріне арналған Дәрігер-эпидемиолог Аукенова Аяулым Еркінқызымен кездесу өтті. Дәріс тақырыпқа белсенді қызығушылық танытқан және көптеген сұрақтар қойған кәсіпорын қызметкерлерінің назарын аударды.

Кездесу барысында вирустың таралу жолдары, АИТВ-инфекциясын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері туралы толық ақпарат берілген. Инфекция қаупін азайту үшін уақтында тестілеудің маңыздылығы атап өтілді. Дәрігер қатысушыларды денсаулығына мұқият болуға және медициналық көмекке жүгінуден тартынбауға шақырды.