Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,847% құрады.

Ресми сайттар

ШҚО ЖИТС орталығының мамандары Өскемен қаласының медициналық ұйымдарының аурухана эпидемиологтарына арналған семинар өткізді.

Іс-шара 2024ж. мамырдың 17-і күні ШҚО ЖИТС орталығында өтті.

Дәрігер-эпидемиолог Татьяна Башкирцева аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады. ШҚО бойынша АИТВ-жұқпасының жыныстық жолмен берілуі басым. Аймақ бойынша ол 61% құрайды, ал ҚР бойынша – 77,8%.

Сондай-ақ Татьяна Михайловна «95-95-95» Стратегиясы және антиретровирустық терапия туралы айтты.

ШҚО ЖИТС орталығының диагностикалық зертхана мегерушісі Ольга Корякина эпдемиологтарға, қанды алу және орталық зертханаға жеткізі ережелері бойынша назарына алуды айтты.

Әсіресе бұл аурухананың жансақтау бөлімшесіне шұғыл түсетін науқастардың жекелігін анықтауда қиындық тудыратын өткір сұрақтардың бірі (өзімен бірге жекелігін анықтайтын құжаттардың болмауы).

Ольга Корякина медициналық қызметкерлерге: - Науқастардың жекелігі анықталмай қан сараптамасын алмаңыздар. Алдымен жедел тестілеу (ЭТ) жүргізіп, тек науқастың жекелігі анықталғаннан кейін қан сараптамасын орталық зертханаға жіберу керектігін айтты.

Ольга Владимировна жедел тестілеу және оны жүргізу техникасына толық тоқады. Құжаттарды жүргізу және штрих-код енгізуде адами факторларды болдырмау, медициналық ұйымдарда арнайы штрих-код сканерлерінің қажеттілігін айтты.

Орталық мамандары кездесу соңында тыңдаушылармен бірге медициналық қызметкерлер арасында кездесетін апаттық жағдайлар, байланыстан кейінгі алдын-алу (ПКП) ережелері және АИТВ-жұқпасының әмбебап алдын-алу шаралары туралы талқылады.

Сондай-ақ сигма және АИТВ бар адамдарды кемсіту туралы тақырып талқыланды.