Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,847% құрады.

Ресми сайттар

Наурыздың 28-і күні ШҚО Ана мен бала орталығының емханасы, жергілікті терапевтік қызмет, педиатрия қызметкерлеріне семинар өтті.

Орталықтың эпидемиологы Гүлнәр Нұрпейісова мен ШҚО ЖИТС орталығының диагностикалық зертхананың зертханашысы Сәуле Орбаева, сондай-ақ инфекционист-педиатр Майра Рахимова ШҚО Ана мен бала орталығының  қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясының алдын алу, стигма және кемсітушілік туралы оқыту семинарын өткізді. Әріптестер 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша облыстағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырылды. АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуін болдырмау үшін жүкті әйелдер АИТВ-ға тестілеу нәтижесін бермей жатып, босану кезінде қалай әрекет ету керектігі туралы айтылды. Орталықтың дәрігер-эпидемиологы Гүлнар Нұрпейісова мен инфекционист, педиатр Майра Рахимова клиникалық-эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша балалар мен ересектерді міндетті түрде АИТВ-ға тексеруден өткізу туралы айтты. Орталықтың зертханашысы Сәуле Ормбаева АИТВ жұқтырған анадан туған нәрестелерден АИТВ-ға қан сынамасын алу жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ тыңдаушыларға медициналық ұйымдардың қызметкерлері арасында АИТВ-ның алдын алудың әмбебап шаралары туралы ақпарат берілді. Болатын төтенше жағдайларды және оларды шешу жолдарын талдадық. Қатынатан кейінгі профилактика туралы айтылды. Атап айтқанда, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу тақырыбы көтерілді.