Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығының дәрігер-эпидемиологы Татьяна Башкирцева АИТВ-ның алдын алу, стигма және кемсітушілік туралы АМСК қызметкерлерімен семинар-тренингтер өткізуде. Бұл жолы семинарға «EM АЛУ плюс» ЖШС қызметкерлері қатысты. Дәрігерлер мен медицина қызметкерлері облыстағы АИТВ-ның эпидемиологиялық жағдайы туралы мәліметтермен танысып, сонымен қатар инфекцияның алдын алудың бір түрі ретінде байланысқа дейінгі терапия туралы айтылды. Сондай-ақ Татьяна Башкирцева «EM AЛУ плюс» ЖШС акушер-гинекологтарына жүкті әйелдерді басқару – оларды АИТВ-инфекциясына уақтылы тексеру, айырбас карталарына барлық деректер енгізіліп, әйел тексерілмей босануға бармауы үшін кеңес берді. Эпидемиолог реципиенттермен (ауруханаларда қан құйылған науқастар) жұмыс істеуге жауапты дәрігерлермен сөйлесті. АМСК, әдетте, бір және үш айдан кейін олардың тексерілуін бақылайды, осылайша олар міндетті түрде АИТВ-ға тест тапсырады.