Эпид. ситуация

Официальные сайты

Ізгі жүректерге құрмет: Халықтар достығы үйінде Халықаралық мейірбике күні аталып өтті

Халықаралық мейірбике күніне орай Халықтар достығы үйінде облыстың мейірбикелеріне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл күн күнделікті адамдардың денсаулығы мен үмітін сақтауға үлес қосатын жандарға деген алғыс пен құрметтің көрінісіне айналды.

Сахнада жүрекке жылы сөздер айтылып, алғыс хаттар мен грамоталар табысталды. Марапатталғандардың қатарында ЖИТС-тың алдын алу және онымен күрес орталығының қызметкерлері де бар:
Габитова Анаргүл Бақытбекқызы,
Турарова Юлия Юрьевна,
Барон Ирина Викторовна.

Олардың кәсібилігі, науқастарға деген қамқорлығы мен ісіне деген адалдығы – әріптестері үшін үлгі, ал денсаулық сақтау жүйесінің мақтанышы.

Барша мейірбикелерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Өздеріңіз күн сайын адамдарға сыйлайтын жылулық пен қолдаудың еселеніп өздеріңізге қайтуын тілейміз.