Эпид. ситуация

Официальные сайты

№50 жалпы білім беретін мектепте ЖИТС-тің алдын алу туралы ашық әңгіме

Кездесудің басты мақсаты – оқушыларға АИТВ/ЖИТС туралы ғылыми әрі нақты ақпарат беру, жалған түсініктерді жою және жастар арасында жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Өз сөзінде эпидемиолог-дәрігер Аяулым Аукенова АИТВ инфекциясының таралу жолдары, одан қорғану әдістері және уақытылы тестілеудің маңыздылығы туралы ашық әрі түсінікті тілмен айтып берді.

— Бүгінде АИТВ — өмірдің соңы емес. Қазіргі антиретровирустық емдеу тәсілдері адамдарға толыққанды өмір сүруге мүмкіндік береді. Бірақ ең бастысы — бұл білім мен алдын алу. Әсіресе жастар үшін бұл өте маңызды, — деді дәрігер.

Оқушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, АИТВ-дан қорғану, бұл диагнозбен өмір сүру, сондай-ақ АИТВ жұқтырған адамдарға деген қоғамның қатынасы туралы пікір алмасты.

Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер дәрігерге және іс-шара ұйымдастырушыларына алғыстарын білдіріп, мұндай кездесулердің оқушылардың денсаулық мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.