Эпид. ситуация

Официальные сайты

ЖИТС орталығының мониторингтік тобы Үлкен Нарын аудандық ауруханасында

ЖИТС орталығының мамандары әдістемелік-ұйымдастырушылық көмек көрсету және медицина қызметкерлерінің жұмыс сапасын жақсарту үшін аудандық ауруханаларға мониторингтік сапарларын жалғастыруда. Кезекті сапар 2024 жылдың 30 қазан күні Үлкен Нарын аудандық ауруханасында өтті.

Сапар аясында сарапшылар медицина қызметкерлері үшін практикалық сабақтар өткізді, оның барысында АИТВ-ға талдау жасау үшін қан алудың дұрыс әдістемесін көрсетті. Бұл диагноздың маңызды бөлігі және нәтижелердің дәлдігі мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін егжей-тегжейге ерекше назар аударуды қажет етеді.

Сондай-ақ, аурухана қызметкерлері үшін АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу туралы білім деңгейін арттыруға бағытталған семинары ұйымдастырылды.

Мұндай сапарлар медициналық көмектің сапасын арттыруға және АИТВ-ның алдын алу жүйесін аудандарда нығайтуға көмектеседі.