Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының мониторинг тобы 16 қазанда Марқакөл ауылындағы Күршім орталық аудандық ауруханасына барды.
Сапардын негізгі мақсаты - тұрақты эпидемиологиялық жағдайды алдын алу, медициналық көмек көрсету және АИТВ /ЖИТС тін емдеудің тиімділігін бағалау, практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Сонымен қатар мамандар аймақтағы инфекциямен күрес жұмыстарын жақсартуға қолдау көрсетеді.