Өскемен қаласындағы облыстық қан орталығының мәжіліс залында облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығымен бірлескен жиын өтті.
ШҚО ЖИТС орталығының бас дәрігері М.В.Жеголко өз баяндамасында биоматериал сынамаларын алуға дайындық кезеңінде донорды таңдаудың маңыздылығына назар аударды; дайындалған қан өнімдерінің сапасына әсер ететін патологияларды жіберіп алмау үшін адамды мұқият тексеру керек.
Облыстағы және республикадағы АИТВ-инфекциясының эпидемиялық ахуалы туралы ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Татьяна Башкирцева баяндады.