ШҚ облыстық ЖИТС орталығының мамандары: ЕАКК бөлімінің меңгерушісі Наталья Оралбаева және эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі Сәуле Кеңиспекова АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың жыныстық және инъекциялық серіктестерін анықтау, ақпараттандыру және АИТВ-ға тестілеуді ұйымдастыру сапасын арттыру бойынша тренингке қатысты.
Тренингтің мақсаты: ЖИТС орталықтары қызметкерлерінің жыныстық және АИТВ-инъекциялық серіктестеріне зерттеу жүргізу мүмкіндігін арттыру.
Тренинг барысында негізгі ИТ әдістемелері талқыланды: 7 қадам, 5 ақпарат әдісі; ИТ нормативтік базасы: тұлға аралық дағдылар; Қазақстанда ИТ енгізудегі кедергілер.
Тренингті ICAP халықаралық ұйымы ұйымдастырды.