Эпид. ситуация

Официальные сайты

Туберкулезді емдеуге болады! Біз Қазақстан үшін, туберкулезден азат елміз!

Көптеген жылдар бойы «тберкулез – бұл айтуға болмайтын ауру» деген пікір қалыптасып келді. Бұған бірден-бір халық арасында негізсіз қорқыныш пен жеткілікті ақпараттың болмауы да себеп болды. Стереотиптер мен түрлі аңыздар стигманы тудырды – мысалы, адам есірткі, алкоголь қолданған немесе тіпті көшеде тұратындықтан туберкулезбен ауырған деган пікірлер дендеп алды.

Біздің әрқайсымыз туберкулездің-жағдайы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, әркім ауыра алатын жұқпалы ауру екенін түсінуіміз керек.

Иммунитеттің төмендеуі ауруда маңызды рөл атқарады-стресс, дұрыс тамақтанбау, созылма-лы аурулар, алкоголь, темекі шегу, дененің қорғанысын әлсіретеді.

Бүгінде туберкулезді толықтай емдеуге болады! Бұл уақыт пен шыдамдылықты қажет етеді, өйткені емдеу курсы жеңіл жағдайларда бірнеше айдан ауыр және асқынған жағдайларда бірнеше жылға дейін созылады.

Біздің көптеген пациенттер өздерінің аурулары туралы достарынан, әріптестерінен, таныста-рынан жасырады, өйткені олар стигматизациядан ғана емес, кемсітушіліктен де қорқады (әрекет немесе әрекетсіздік, туберкулезбен ауыратын адамдарға қатысты айырмашылықтар). Қоғам туберкулез өзінің мифтері мен стереотиптерімен ауырған адам мен оның бар-лық отбасы мүшелері үшін күрделі сынақ екенін түсінуі тиіс.

Сонымен қатар, туберкулезге қарсы препараттармен ұзақ емдеу кезеңінде адамдар туыста-рының, достарының, таныстарының қолдауына мұқтаж.

Уақытылы қолдау туберкулезбен ауыратын адамдарға емдеуді аяқтау үшін өз қорқынышы мен шыдамдылығын жеңуге күш беретінін бәріміз есте ұстауымыз керек.Біздің көптеген пациенттер өздерінің аурулары туралы достарынан, әріптестерінен, таныстарынан жасырады, өйткені олар кемсітушіліктен қорқады.

Шығыс Қазақстан облыстық фтизиопульмонологиялық орталығы «Туберкулезді емдеуге болады! Біз Қазақстан үшін,туберкулезден азат  елміз» тақырыбы бойынша челленджді бастайды.

Әлеуметтік парақтарыңызда #туберкулездіемдейтін #туберкулездіемдеугеболады  #туберкулезгеинвестициялар #ұғфо #шқофдо #қазақстандағытуберкулез #стигмажəнетуберкулез #туберкулездіемдеу #тбсаласындағыүеұ #туберкулезсізөмір #микобактерия туберкулез #туберкулездіңалдыналу #фтизиатр #фтизиопульмонолог #туберкулездіңдиагно-стикасы  хэштегтермен постерлер жариялау арқылы оны қолдаңыз.

 

Ал егер сіз өз сәттілік тарихыңызбен немесе туберкулезден ада Қазақстанда өмір сүру деңгейіне жету бойынша тиімді құралдармен бөліскіңіз келсе – өз тарихыңызды жолдаңыз, біз оларды жариялаймыз.

Туберкулез туралы,осы аурудан зардап шеккен адамдар туралы қоғамдық пікірді өзгерту уақыты келді. Біздің әрқайсымызды қолдау туберкулезсіз Қазақстанның болашағына үлес қосатын болады!