#MedSafetyWeek 💊 - бұл дәрілік заттардың жағымсыз әсерлері туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған жаһандық ақпараттық науқан.
Науқан дәрілік заттар мен вакциналардың қауіпсіздігіне қатысты кең ауқымды тақырыптарды қамтиды:
🔹жағымсыз әсерлердің алдын алу;
🔹полипрагмазия (бір мезгілде бес және одан да көп дәріні қабылдау) мәселелері;
🔹балалар мен жүкті әйелдерге арналған дәрілік препараттарды қабылдау ерекшеліктері;
🔹дәрілердің жағымсыз әсерлерін азайтудағы пациенттер мен медицина қызметкерлерінің рөлі.
Сіздің және серіктестердің қолдауының арқасында бұл науқан бүгінде әлемнің 170-тен астам елінде жүзеге асырылуда.


