ШҚО ЖИТС орталығы мен «Болашақ» жастар денсаулық орталығы бірлесіп Құмаш Нұрғалиев атындағы жоғары колледж студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында мамандар АИТВ жұқпасының алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау туралы түсіндірді.
Іс-шарада викторина ұйымдастырылып, белсенді қатысқан студенттерге сыйлықтар табысталды.


