Эпид. ситуация

Официальные сайты

Жасөспірімдер арасында АИТВ туралы түсіндіру жұмысы өтті

«Үміт» жастар денсаулық орталығы мен ШҚО ЖИТС орталығының мамандары №9 және №34 мектептерде 8-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мамандар жасөспірімдерге салауатты өмір салтының маңызы, АИТВ инфекциясының алдын алу жолдары және жауапкершілік туралы айтты.

Оқушылар мамандарға қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды.