Эпид. ситуация

Официальные сайты

№17 мекемесінде ЖИТС-тің алдын алу бойынша дәріс өтті

№17 түзету мекемесінде сотталғандар үшін АИТВ-ның алдын алу тақырыбында ақпараттық-түсіндіру дәрісі өткізілді. Іс-шараны ЖИТС орталығының мамандары ұйымдастырды. Мақсат — сотталғандардың инфекция туралы білімін арттыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыру.

Дәріс барысында АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу әдістері, дер кезінде тексерілудің және медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, АИТВ-ға қатысты жалған пікірлер мен стигманы жою мәселесі де қозғалды.

Кездесу соңында қатысушыларға медициналық және әлеуметтік қызметтердің байланыс нөмірлері көрсетілген ақпараттық парақшалар таратылды.