Эпид. ситуация

Официальные сайты

Қ.Қайсенов ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда ЖИТС орталығы мамандарының мониторингі өтті

Бүгін Қ.Қайсенов ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда ЖИТС орталығы мамандарының көшпелі мониторингі өтті. Іс-шара аясында медицина қызметкерлеріне кеңес беріліп, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және емдеу бойынша өзекті ақпарат түсіндірілді, сондай-ақ АИТВ жұқтырған науқастармен жұмыс жүргізу тәртібі тексерілді.

Мұндай кездесулер медициналық көмектің сапасын арттыруға және мекемелер арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал етеді.

Денсаулыққа қамқорлық – ақпараттылықтан басталады!