Эпид. ситуация

Официальные сайты

АИТВ инфекциясы туралы лекция: оқушыларға маңызды ақпарат

Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Р.Мәрсеков атындағы орта мектебінде» 10-сынып оқушыларына арналған маңызды іс-шара өтті. АИТВ туралы ағартушылық лекцияны ШҚО ЖИТС орталығының тәжірибелі дәрігері өткізді.

Лекцияның басты мақсаты — жасөспірімдерге АИТВ инфекциясы туралы шынайы, ғылыми негізделген ақпарат беру, аурудың жұғу жолдары мен алдын алу шараларын түсіндіру болды.

Дәрігер АИТВ мен ЖИТС ұғымдарының айырмашылығын түсіндіріп, бұл вирустың тек қан, жыныстық қатынас және анадан балаға жұғатынын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, аурудың сыртқы белгілері болмайтынын, бірақ адамның иммундық жүйесіне үлкен зиян келтіретінін айтты.

Оқушылар дәрігерге сұрақ қойып, тақырыпқа қызығушылық танытты. Лекция соңында оқушылар АИТВ-ның алдын алудың басты жолы — қауіпсіз мінез-құлық пен жауапкершілік екенін ұғынды.