Эпид. ситуация

Официальные сайты

ШҚО ЖИТС орталығының Белоусовка кентіндегі дәрігерлік амбулаториядағы мониторингтік жұмысы

Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары кезекті мониторингтік іссапармен Белоусовка кентіндегі дәрігерлік амбулаторияда болды. Сапардың негізгі мақсаты – медицина қызметкерлеріне АИТВ жұқпасы бойынша консультативтік-әдістемелік көмек көрсету.

Мониторинг барысында мамандар амбулаторияда АИТВ жұқпасын анықтау, тіркеуге алу және бақылауда ұстау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды қарап, медициналық құжаттамалармен танысты. Дәрігерлер мен мейірбикелерге клиникалық хаттамалар мен заманауи емдеу стандарттарына сай түсіндірме берілді.

Сонымен қатар, тұрғындар арасында АИТВ-ның алдын алу, тестілеуге тарту және стигма мен дискриминацияны төмендету бағытындағы ақпараттық жұмыстың тиімділігін арттыру жолдары талқыланды.

ЖИТС орталығы мамандары амбулатория қызметкерлерінің осы бағыттағы жұмысына оң баға беріп, алдағы уақытта да тығыз әріптестік орнатуға ниетті екендерін білдірді.