№36 мектептің 8-сынып оқушыларына АИТВ-нің алдын алу бойынша танымдық дәріс өткізілді. Шараны Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және күресу орталығының маманы Турарова Юлия жүргізді.
Оқушыларға АИТВ жұғу жолдары, одан қорғану тәсілдері және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы айтылды. Дәріс ашық диалог форматында өтті – балалар белсенді сұрақтар қойып, оларға түсінікті әрі шынайы жауаптар алды.
Мұндай кездесулер жасөспірімдерге денсаулық пен алдын алу мәселелеріне саналы көзқарас қалыптастыруға көмектеседі.