22 қазанда Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Риддер қалалық ауруханасына мониторингтік сапар өткізді. Сапардың негізгі мақсаты АИТВ-инфекциясының алдын алу және емдеу саласындағы медицина қызметкерлерінің жұмыс сапасын арттыру болды.
Сапар аясында ЖИТС орталығының мамандары әдістемелік және практикалық ұсыныстар берді, медициналық қызметтерді ұйымдастыруға аудит жүргізді. Мұндай мониторингтік іс-шаралар медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға және алдын алу шараларының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Сонымен қатар, медицина қызметкерлері үшін АИТВ-инфекциясының алдын алу және емдеу өзекті мәселелеріне арналған семинар ұйымдастырылды.
Мұндай іс-шаралар АИТВ-инфекциясының таралуына қарсы күрес стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады және аймақтағы денсаулық сақтау жүйесін дамытуда шешуші рөл атқарады.