Эпид. ситуация

Официальные сайты

Күршім ауданының аудандық ауруханасында мониторинг өтті

17 қазанда Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының мамандары Күршім ауданының аудандық ауруханасында мониторинг жүргізді. Бұл іс-шара АИТВ инфекциясының алдын алу мен емдеу бойынша көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бағалауға бағытталды.

Мониторинг барысында мамандар емдеу хаттамаларының сақталуын тексеріп, халық арасында АИТВ инфекциясының таралуының алдын алу жұмыстарына талдау жасады. Сонымен қатар, аурухананың медициналық қызметкерлерімен кеңес өткізіліп, аурудың ерте кезеңде анықталуының және уақытылы емдеудің маңыздылығы талқыланды.

Осындай сапарлар медициналық мекемелердің жұмысын жақсартуға және өңірдегі АИТВ таралуына қарсы күрес шараларын нығайтуға септігін тигізеді.