Эпид. ситуация

Официальные сайты

«Өз мәртебеңді біл» акциясы «Феникс» оңалту орталығында өтті

3 қазанда «Феникс» оңалту орталығында Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығы ұйымдастырған «Өз мәртебеңді біл» атты акция өтті. Акцияның басты мақсаты – халықты АИТВ инфекциясын және басқа да ауруларды уақытылы анықтаудың маңыздылығы туралы ақпараттандыру.

Акция барысында медицина қызметкерлері жеке кеңестер беріп, қатысушылардан қан сынамаларын алды. Шараға қатысушылар өз денсаулығын тексеріп қана қоймай, АИТВ-ның таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы көбірек білуге мүмкіндік алды.

Мұндай іс-шаралар халықтың ақпараттануын арттыруда маңызды рөл атқарады және аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді.