Эпид. ситуация

Официальные сайты

Отбасылық амбулаторияда "Өз мәртебеңді біл" акциясы өтті

ШҚО ЖИТС орталығы ұйымдастырған жыл сайынғы "Өз мәртебеңді біл" акциясы аясында қала тұрғындары облыс орталығының әртүрлі пункттері мен ұйымдарында АИТВ-ға тегін тестілеуден өтуге мүмкіндік алды.

27 тамыз 2024 жылы ЖИТС орталығының мамандары Грузинская, 3 мекенжайындағы "Отбасылық амбулатория" мекемесінде акция барысында қатысушылар тест тапсыру арқылы өз мәртебелерін білді.

Акция халықтың АИТВ-инфекциясы туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған және барлығына ыңғайлы және жайлы жағдайларда тестілеуден өтуге мүмкіндік береді. Амбулаторияның процедуралық кабинеттері мен клиникалық зертханаларында тәжірибелі мамандар әр пациентке кәсібилікпен және назар аудара отырып талдау жүргізді.

Акция барысында ниет білдірушілер екі әдіспен сынақтан өте алды: саусақтан қан тапсыру арқылы экспресс-әдіс және тамырдан қан алу арқылы зертханалық талдау. Екі әдісте сенімді және нәтижені қысқа мерзімде білуге мүмкіндік береді. Жедел тест жиырма минут ішінде нәтиже береді, бұл әсіресе уақыт шектеулі адамдар үшін ыңғайлы. Зертханалық зерттеу бір-екі күн ішінде дайын боладв, бірақ денсаулық туралы нақтырақ ақпарат береді.

Акция АИТВ-инфекциясын ерте диагностикалау,  емдеуді уақтында бастауға және асқынулардың дамуын болдырмауға мүмкіндік береді.