Эпид. ситуация

Официальные сайты

N17 мекемесі қызметкерлеріне дәріс өткізілді

2024 жылдың 5-тамызында ШҚО ЖИТС орталығының мамандары ШҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің N17 мекемесінде жеке құрамы мен медициналық қызметкерлеріне дәріс оқыды.

Мекеме қызметкерлеріне облыстағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай, таралу жолдары мен алдын алу шаралары айтылды.

Төтенше жағдайлар, қатынасқа дейінгі және қатынастан кейінгі алдын алу шаралары қарастырылды.