2024 жылдың 24-шілдесінде ШҚО ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологтары Арай Айдарқызы мен Аяулым Аукенова ШҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің N16 мекеме қызметкерлеріне дәріс оқыды.
Мамандар облыстағы эпидемиологиялық ахуал, таралу жолдары, АИТВ-инфекциясының алдын алу шаралары мен қатынасқа дейінгі және кейінгі профилактика туралы айтты.