ШҚО ЖИТС орталығының эпидемиологтары мен зщернтханашылары АИТВ-ның алдын алу, сондай-ақ практикалық және әдістемелік көмек көрсету тақырыбына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін әріптестерге семинар өткізді.
Семинарға «Денсаулық» ЖШС емханасының 26 қызметкері қатысып, АИТВ-ның алдын алу, клиникалық-эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексеру тақырыптары талқыланды. Медицина қызметкерлеріне экспресс-тесттермен қалай жұмыс істеу керектігі тәжірибе жүзінде көрсетілді.
Жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерін скринингтік тексеру, АИТВ-статусы бар науқастарды стигмалау және кемсіту сияқты маңызды мәселелер көтерілді