Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,847%.

ТОТ арналған жазғы лагерь

«Еріс» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысында жазғы оқу лагері өтіп, онда АИТВ және ЖЖБИ сияқты тақырыптарда танымдық тренингтер өткізілді. Бұл лагерь ЕпенЕ қауымдастығының мүшелері үшін білім беру мақсатында өткізілді. АИТВ және ЖЖБИ бойынша тренингте АИТВ-ның берілу жолдары, қауіп-қатері және қалай берілмейтіні толық қамтылды. ЖЖБИ тақырыбы (қандай түрлері, берілу жолдары) толық ашылды. Бұл аурулардың қауіпті және салдары қандай. Психологиялық көмек көрсету және негативтен босату үшін психологиялық тренингтер өткізілді, мысалы: Арт-терапия, дене терапиясы және неврография сияқты тренингтер; Hate Spitch және медиасауаттылық және жаңалықтар мен интернетте жалған ақпаратты насихаттау бойынша тренингтер. Қатысушылардың бос уақыты өте ыңғайлы ұйымдастырылды: күніне 4 мезгіл дәмді ас, су қоймасы бойымен қайықпен саяхаттау, соңғы күні 20 адамға кәуәп әзірленді.

 Жаттықтырушылар Евгений Хабаров пен Владимир Алексанин ешкімді бей-жай қалдырған жоқ.