Сәуірдің 27-сі күні Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында қаланың медициналық бірлестіктерінің госпиталь эпидемиологтары «АИТВ-инфекциясы» тақырыбында тренинг өткізуге жиналды.
ЖИТС орталығының дәрігері Наталья Селезнева эпидемиологтардың назарын қанмен жұмыс істеу кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алуға, PEP (пост-экспозиция профилактикасы) алгоритмін сақтауға аударды. Ол әлеуметтік қауіпті ауруды ерте диагностикалау үшін МСАК дәрігерлерімен және ауруханалармен бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін ерекше атап өтті.