Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығында қызметтік міндеттерді атқару кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау жайында жиын өтті. Іс-шара Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналды.
Баяндамашылардың айтуынша, бас дәрігердің тапсырмасымен барлық бөлімшелерде қызметкерлерге қауіпсіздік талаптары түсіндірілген. Қызметтік нұсқаулықтарда агрессия белгілері байқалған жағдайда қызметкердің іс-әрекет алгоритмі нақты көрсетілген: бөлім басшыларын дереу хабардар ету, қажет болғанда полиция шақыру.
Орталықта жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін күзет қызметі және «төтенше батырма» орнатылғаны айтылды. Сондай-ақ жұмыс берушінің міндетті сақтандыру келісімі жыл сайын жасалады.
Е.Э. Гигола қызметтік міндеттерін орындау кезінде медицина қызметкерлеріне шабуыл жасалған мысалдарды келтірді. Өскемен қаласында екі жағдай тіркелсе, Қазақстан бойынша мұндай оқиғалар әлдеқайда көп. Осыған байланысты үйге барып қызмет көрсету қызметкерлердің кемінде екеуімен және жүргізушінің қатысуымен жүргізілуі керектігі атап өтілді.
Жиын соңында туындаған сұрақтарға жауап берілді.


