Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай С.Аманжолов атындағы ШҚУ-де студенттері үшін үлкен аудиторияда АИТВ алдын алу тақырыбында дәріс ұйымдастырылды. Студенттерге презентациялар мен бейнероликтер көрсетіліп, АИТВ жұғу жолдары мен алдын алу әдістері туралы толық ақпарат берілді. Оқушылар мамандарға сұрақтарын қойып, маңызды мәліметтер алды.

