Эпид. ситуация

На 31октября 2025г. распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 1,0%.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде ШҚО ЖИТС орталығының брифингі өтті

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының брифингі өтті. Іс-шара Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында ұйымдастырылды.

Брифинг барысында орталық мамандары 2025 жылдың 10 айындағы жұмыс қорытындыларын ұсынып, өңірдегі АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы мен профилактикалық шаралар туралы айтты. Сондай-ақ халықты ақпараттандыру, ерте анықтау және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жұмыстар сөз болды.

Орталық басшылығының айтуынша, биылғы жылы ерекше назар АИТВ-ны ерте анықтауға, қоғамдағы стигманы азайтуға және халықтың хабардарлығын арттыруға аударылған. Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпараттық науқан «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен өтуде.