Эпид. ситуация

На 31октября 2025г. распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 1,0%.

Глубокое ауданында ЖИТС орталығы семинар өткізді

Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы Глубокое аудандық ауруханасында медициналық қызметкерлерге арналған семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – АИТВ инфекциясының алдын алу, ерте анықтау және тіркеу бойынша жұмыстарды жетілдіру, сондай-ақ медициналық қызметкерлердің білімін арттыру.

Семинар барысында мамандар АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай, профилактикалық шаралар және мониторинг жүргізудің өзекті аспектілерін талқылады. Қатысушылар тәжірибе алмасып, өз сұрақтарына жауап алды.