Эпид. ситуация

На 31 августа 2025г. распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,97%.

ШҚО ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығының қызметкерлері еңбек заңнамасы саласындағы біліктіліктерін арттырды

Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығының қызметкерлері «Еңбек дауларын келісу комиссиясының қарауы: еңбек заңнамасы мен келіссөздер дағдыларын қолдану практикасы» атты оқу курсы бойынша өткізілген семинарға қатысты.

Семинар барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің негізгі нормаларымен танысып, жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас мәселелерін, туындауы мүмкін келіспеушіліктер мен оларды шешу жолдарын талқылады.

Сондай-ақ келісу комиссиялары аясында туындайтын еңбек дауларын сотқа дейін шешудің тиімді тетіктері ретінде келіссөз жүргізу мен сындарлы диалог орнату дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылды.

Оқу соңында семинарға қатысқан барлық қызметкерлерге курсты сәтті аяқтағанын растайтын сертификаттар табысталды.

Әріптестерімізді оқуды аяқтауларымен құттықтай отырып, кәсіби қызметтеріне табыс тілейміз!