Эпид. ситуация

На 31 августа 2025г. распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,97%.

Өз мәртебенді біл акциясы

Өскемен қаласындағы Жоғары медициналық колледжде «Өз мәртебеңді біл» атты акция ұйымдастырылды. Іс-шараға бірінші курс студенттерімен бірге колледждің педагогтары да белсене қатысты.

Акция барысында қатысушылар ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерінің дәрісін тыңдап, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар студенттер мен оқытушылар қан тапсырып, АИТВ-ға экспресс-тесттен өтті.

Бұл шараның басты мақсаты – жастар мен ұстаздар арасында денсаулыққа жауапкершілікті қалыптастыру, сондай-ақ АИТВ-ның алдын алу мәдениетін дамыту